Приглашаем к участию в проекте «300 ИнтелШкол-2013»

Виртуалды семинар.

Материал из Letopisi.Ru — «Время вернуться домой»
Перейти к: навигация, поиск

Виртуалды семинарға 29 топ оқушылары қатысты.

Семинардың сұрақтары:

  • Қазіргі жастарды қандай тақырыптар қызықтырады?
  • Сіздің хоббиіңіз қандай?
  • Бос уақытыңызда сіз қандай жұмыстармен шұғылдануды ұнатасыз?
  • Сіз өзіңіздің бос уақытыңызды дұрыс ұйымдастырамын деп ойлайсыз ба? Және қазір бос уақытыңызда не істейсіз?
  • Бүгінгі жастардың студенттік өмірде қандай өкпесі бар деп ойлайсыз?

Семинарға жүргізушілер:

  1. Нургожина Эльмира - учащаяся колледжа
  2. Рамазанова Айымгуль - учащаяся колледжа


Семинарға қатысушылар:

1. Маликов Марат: Менің ойымша, қазіргі жастарды шет елдердегі жоғарғы оқу орындары мен графикалық бағдарламалар көп қызықтырады.

2. Абилькаирова Алия: Менің хоббиім шет елдерге саяхатқа шығу.

3. Ибраева Саягуль: Мен бос уақытымда аспан әлемідегі ғаламшарлар мен тылсым дүниелерді бақылаумен айналысамын.

4. Елеусизова Алия: Әрине, мен өзімнің бос уақытымды дұрыс ұйымдастырамын деп ойлаймын. Мен қазіргі кездегі бос уақытымда Әлемнің жеті кереметі мен Ежелгі мемлекеттердің мәдениеті туралы мәліметтер жинаудамын.

Бүгінгі студенттің өкпесі:

5. Рамазанова Назира:

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?

Ел кимегенді біз киеміз,

Ел мінбегенді біз мінеміз,

Ел ішпегенді біз ішеміз,

Осы жұрт бізді неге байғұс дейді,

Ешкім бәрібір қамымызды жеп, қайғы ішпейді,

Көргенімізден көреріміз көп,

Алғанымыздан береріміз көп.

Керек десең, стипендиясыз-ақ

Жақсы өмір сүре береміз.

"К-ө-ө-п" стипендияны бір-ақ күнде тауысамыз,

Содан соң бірден әке-шешеміздің

Стипендиясына ауысамыз.

Жатақхана бермесе, бермей-ақ қойсын,

Пәтер жалдап күн көреміз,

Сабаққа да, жұмысқа да,

Тамаққа да, ұрысқа да үлгереміз.

...Бұлай жүрсек те шетімізден данышпанбыз,

Шоқандармыз, Абайлармыз,

Қаныштармыз,

Кейде арыстанбыз,

Өйткені талайлармен айтысқанбыз,

Тартысқанбыз, алысқанбыз.

Байқасаң,біз де әжептәуір "семіз" ұлтпыз.

Қазақтар сияқты емес,

Салт-дәстүрге берік ұлтпыз.

Ана тіліміз - қазақша араласқан орысша,

Ұлттық тағамымыз - ботқа да, борщ та...емес,

Тамағымыз - қытайдың мыңжасағыр кеспесі.

"Ол денсаулыққа зиян ғой" деп сөйлеңіз,сөйлемеңіз,

Бәрібір "Аш жүргеннен ауырып өлген артық" деп жей береміз.

Инструменты
Конкурс: Обучи своих близких
Конкурс: Я выбираю профессию в IT
организаторы проекта
Компания ТрансТелеКом
Корпорация Intel
PH International
www.Iteach.ru